Қазақстан мұнай өндірісі көлемін қысқартты

Қазақстан мұнай өндірісі көлемін қысқартты
ашық дереккөз
Қазақстан мұнай өндірісі көлемін қысқартты
 width= Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2020 жылдың алғашқы жеті айында 1,4% төмендеді. Бұл туралы энергетика министрі Нұран Ноғаев мәлімдеді. Оның айтуынша, коронавирусқа қатысты пандемия мен көптеген елдерде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты мұнайға деген сұраныс азайды. - Осы жылдың жеті айының соңында өндірілген мұнай мен конденсат өндірісі 51,5 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% -ға төмен. Мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады, - деді Нұран Ноғаев Үкімет отырысында. Өндірілген газ көлемі 3,4 млрд текше метрді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп. Ол Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, сұйытылған газды бөлшек саудада өткізудің максималды бағаларын белгілегенін, бұл оның бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін де атап өтті.  

Ұқсас жаңалықтар