- Advertisement -

Абай күні Тараз қаласында рухани іс-шаралар өтті

192

- Advertisement -

Ел Президентінің бастамасы бойынша Үкіметтің шешімімен 10 тамыз — Абай күні мерекесі болып жарияланғаны белгілі. Бұл шешімді жамбылдықтар да қуана қабылдап, бір қатар рухани іс-шаралар өткізді. «Абай күні» мерекесі Тараз қаласындағы Абай ескерткіші алдында Абай әндерінен берілген онлайн концертпен басталды. Ол жерде Абай әндері Бекболат Тілеухан және өзге де әншілердің орындауында үнтаспадан естіліп тұрды. Ескерткіш жанына Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ғажайып кітап көрмесін ұйымдастырды. Абай ескерткішіне Тараз қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев, ақындар Хамит Есаман мен Нұржан Қадыралы гүл шоқтарын қойып, данышпанның рухына тағзым етті.

Мұнан соң «Жастар» қабілет орталығында Абайдың 175 жылдығына арналған «Ғылым таппай мақтанба» атты облыстық дельфилік ойындарының марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов пен «Адырна» ұлттық–этнографиялық қоғамдық қорының президенті Арман Әубәкір сөз сөйлеп ашып, «Абай күні» мерекесінің мәні мен мағынасына тоқталды. Көпшілік алдында күйші Ерболат Әлімқұл күмбірлете күй тартса, әнші Айгүл Есекеева Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шарықтата шырқады. Сонымен, аталған дельфилік ойынның «Үздік гуманист» аталымы бойынша Жамбыл ауданынан Ақжігіт Жетпісбай, «Үздік поэзия» аталымы бойыншатараздық Жұматай Көксубайұлы, «Үздік бейнелеу өнері» аталымы бойынша сарысулық Элнария Сейітжапар жеңімпаз атанса, «Үздік бейнеролик» аталымында тараздық Мерей Баетов, «Үздік ән» аталымы бойынша шулық Ербосын Қасымбек бас жүлделерді олжалап, ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал «Мәңгілік ел алыптары» атты облыстық эссе жазу байқауы бойынша тараздық Талшын Биболқызы жеңімпаз атанды.

Есет Досалы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support