- Advertisement -

Qazaqstan телеарнасы бір күн бойы Абайға арналған бағдарламалар ұсынады

33

- Advertisement -

Qazaqstan ұлттық телеарнасы 10 тамызда бір күн бойы Абай күніне арналған бағдарламалар ұсынады.

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы 10 тамыз — Абай күніне орай бірқатар жаңа тележобалар әзірледі. Ұлттық арна 10 тамызда 12 сағат эфирін Абай мұрасына арнаса, ұлы ойшыл атымен құрылған «Abai tv» арнасы Абайдың құнды мұраларын дәріптеуге бағытталған жобаларды бір күн бойы, үзіліссіз көрсетеді», — делінген телеарна баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«Qazaqstan» телеарнасының таңғы эфирі 06:40-та Абайдың 175 жылдық мерейтойының ашылуына арналған «Қазақ халқы – Абайдың халқы» жобасымен басталып, 08:00-де екі сағат бойы тікелей эфирдегі «Таңшолпан» таңғы ақпараттық-сазды бағдарламасымен жалғасады. Бағдарламаға Абайдың жиеншары Ләйлә Мұқлисқызы қатысады. Сонымен қатар Жидебейдағы Абай музей-үйінен тікелей байланыс орнатылады.

Cағат 13:30-да абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметовтің «Nur Tileý» бағдарламасына берген сұхбаты, 14:00-де ақынның ұрпағы Тұрағұл Абайұлы туралы «Беймәлім Алаш» деректі фильмі көрсетіледі.

Ұлттық арна эфирінен күзгі маусымға жоспарланған қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан жүргізетін «Абайдың жолы» жаңа жобасы да Абай күнінде сағат 17:45-те алғашқы шығарылымын ұсынады. Бағдарлама хәкім Абайдың терең де ауқымды шығармаларын бүгінгі оқырманға жатық, қарапайым тілмен түсіндіреді. Жоба Абай өлеңдері мен қара сөздеріне кейінгі ұрпақтың қызығушылығын оятып, сол арқылы ар-ұят, көркем мінез, білімге құштарлық, ұлтқа махаббат, отансүйгіштік, бауырмалдық, мейірім секілді асыл қасиеттерге құлшындыруды мақсат етеді.

Жақында тұсауы кесілген, әр жексенбі 20:00-де шығатын «Күміс көмей» ұлттық музыкалық-танымдық бағдарламасының осы аптадағы шығарылымы Абай әндеріне арналады. Ақын әндері танымал дәстүрлі әншілердің орындауында шырқалып, олардың шығу тарихына саяхат жасалады. Жоба 9-10 тамыз күндері эфирге шығады.

10 тамыз күні 20:30-да ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың «Abai tv» арнасының «Сарасөз» бағдарламасына берген сұхбаты ұсынылады. 20:50-де атаулы күнге арнайы әзірленген «Абай» жобасы эфирге шығады. Жоба қазақ руханиятының құнды мұрасына айналған «Абай жолының» жазылу тарихы туралы баяндайды.

Одан бөлек, Абай күніне арналған бағдарламалар кестесіне «Құнанбай» көркем фильмі, «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» республикалық ақындар айтысы, «Абай әндері» театрландырылған концерті, «Адамзаттың бәрін сүй» атты Абай әндерінің кеші енгізілді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support