- Advertisement -

Болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы артады

45

- Advertisement -

Қазақстанда педагогикалық бағытта оқитын студенттер мен докторанттарға стипендия көлемі артады. Тиісті құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды.

Шәкіртақы сомасын көтеруге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмасы негіз болды.

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 42000 теңге», — делінген құжатта.

Ал басқа мамандықтардағы студенттерге стипендия бұрынғы 26 186 теңге сомасында беріледі.

Мұнымен қоса, докторанттардың стипендиясы 150000 теңгеге жетеді. Қазіргі кезде оларға 102 498 теңге сомасында беріліп келеді.

Осы қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support