- Advertisement -

Ш.Уәлиханов кітапханасы 10 тамызда онлайн шара өткізеді

126

- Advertisement -

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында жыл басынан бері түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Кітапханада «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Абай жолы ұлы туынды» онлайн әдебиет әлемі, «Абай жүрген ізбенен…» онлайн Абай оқулары өтіп, кітапханашылар мен оқырмандар Абайдың әндерін, өлеңдерін, қарасөздерін, күйлерін орындап, кітап көрмесіне онлайн шолулар жасауда.

Сонымен қатар ақын мерейтойына орай республикалық, облыстық, аудандық кітапханалар арасында челлендждер ұйымдастырылып, әлеуметтік желіде 100- тен астам Абай шығармашылығы насихатталған.  Кітапхана ұсынған челлендж облыс кітапханаларында да жалғасын тапқан.

10 тамыз күні кітапхананың фейсбуктегі парақшасында Абай күніне арнап онлайн шаралар өткізілмек. Сол күні парақша арқылы ақынның өмірі таныстырылып, өлеңдері оқылып, кітап қорындағы әдебиеттерге шолулар ұйымдастырылады.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында аталған кітапханаға Абай шығармашылығын дәріптейтін 67 атаулы, барлығы 236 дана кітап келіп түскен.

«Абай поэзиясы – даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы. Оның мол мұрасын жаңаша ұғыну жалғасады. Оқырманға Абай мұрасын насихаттау жұмысын тыңғылықты түрде жалғастыра береміз», дейді кітапхана басшылығы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support