Коронавирустың екінші толқыны үшін Қазақстан 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек құрын құруда

Коронавирустың екінші толқыны үшін Қазақстан 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек құрын құруда
ашық дереккөз
Коронавирустың екінші толқыны үшін Қазақстан 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек құрын құруда
 width= Үкімет басшысы Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы "СҚ-Фармация" логистикалық хабына барып, онда коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және еліміздің денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ауруханалар мен провизорлық орталықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін препараттардың 91 атауы жеткізілетінін мәлім етті. Өткен айда медициналық препараттар өңірлер бойынша 8,7 миллиард теңгеге бөлінген. Ауруханалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жедел түрде қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынған, емделушілер амбулаториялық деңгейде тегін ала алатын дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілген. Коронавирустың екінші толқыны басталатын жағдай орын алса, компанияда 24 млрд теңге сомасына екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылуда, сондай-ақ карантин кезеңінде жекеменшік дәріханаларды нарық өз бетінше толықтыра алмайтын тапшы 19 дәрімен жабдықтау мәселесі пысықталып жатыр. "СҚ-Фармация" оларды қалалар мен ауылдық елді мекендердегі әр дәріханаға дейін толық жеткізеді. Үкімет басшысы өңірлерге дәрі-дәрмектердің тиелуін ерекше бақылауға алуды, күзгі-қысқы маусымда COVID-19-дан емдеу үшін барлық қажетті медициналық препараттардың болуын қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмектерге қажеттілік артқан жағдайда шұғыл әрекет етуді, сонымен қатар, бөлшек сауда секторын тапшы дәрі-дәрмекпен толықтыру бойынша тапсырманы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.  

Ұқсас жаңалықтар