- Advertisement -

Есікте жарылыс болды

32

- Advertisement -

Алматы облысы Есік қаласындағы жанармай құю бекеті жанындағы жарылыстың видеосы желіде жарияланды. Видеоны оқиға куәгерлері түсірген. 

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_issyk парақшасында жарияланды.

Видеода жол талғамайтын көліктің жанармай құю станциясы жанындағы газ резервуарына барып соғылғаны, одан кейін Alem Oil жанармай құю станциясының жанындағы ДСУ аумағында жарылыс болғандығы көрсетілген. Екі көлік толығымен жанып кеткен.

— Бүгін — 6 тамызда Алматы облысы, Есік қаласында жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Газды резервуарға (4 текше метр) Land Cruiser Prado автокөлігінің соқтығысуы салдарынан резервуар жарылып, Hyundai Tucson және Land Cruiser Prado маркалы екі автокөлік отқа оранды, сондай-ақ 0,07 гектар аумақтағы құрғақ шөптер (700 шаршы метр) өртенді. Өртті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары сағат 10.52 уақытында сөндірді, деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Термикалық күйікпен Land Cruiser Prado көлігінің 72 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, оның денесінің 90% күйік шалған, І-дәрежелі термикалық күйік деп бағаланды, жағдайы ауыр. Тағы бір зардап шегуші — 1990 жылғы жанар-жағармай құю стансасының операторы, кеудесіне зақым келген, алғашқы медициналық көмектен соң ол үйіне босатылды.

Жанар-жағармай стансасына іргелес көп қабатты және жеке тұрғын үйлерге зақым келмеген.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support