"Ковид-19" жұқтырмағанын растайтын жалған анықтама сатқан

"Ковид-19" жұқтырмағанын растайтын жалған анықтама сатқан
ашық дереккөз
"Ковид-19" жұқтырмағанын растайтын жалған анықтама сатқан
 width= Алматы облысында медициналық қызметкер ақшалай сыйақы үшін "КВИ расталмады" деген медициналық зертхана анықтамасын өтірік толтырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады. - Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша, "Ковид-19 табылмады" деген ПТР зертханалық қорытындысы бар анықтама қағазды 25 000 теңгеге беріп жатқан жерінен 1984 жылғы медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі КФМ баспасөз қызметі. Сұрақ-жауап алу кезінде Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап осы уақытқа дейін шамамен 12 осындай жалған анықтама жасағанын айтты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Ұқсас жаңалықтар