- Advertisement -

Жамбыл облысында пневмониямен ауырғандар саны 2,6 есеге төмендеді

27

- Advertisement -

Жамбыл облысында қолға алынған іс-шаралар нәтижесінде, соңғы аптада, яғни, 28 шілде — 4 тамыз аралығында пневмониямен аурушаңдық 2,6 есе төмендеген.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты.

Ағымдағы жылдың 4 тамызы бойынша Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны 3863 адамға жетті. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 318,4 айналса, тәуліктік өсім 1,3 пайызды (47 жағдай) құраған.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, тіркелген жағдайлардың ішінде 1589 науқас симптоммен, 2094 науқас симптомсыз. Бүгінге дейін инфекциялық стационардан 3004 азамат сауығып шықты.

«Жалпы облыста коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында 2030 төсекқоры жасақталған. Қазіргі таңда инфекциялық стационарда – 199 адам емделуде. Бұл орайда төсек-орын жүктемесі 29,7 пайызды құрап отыр. Реанимация бөлімінде 48 науқас жатса, ИВЛ аппаратында жатқандар-12, оттегіге қосылғандар — 93 адам. Провизорлық стационарда – 295 емделуші және үй жағдайындағы карантинде – 1621 адам бар. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 7 айында 12869 адам пневмониямен ауырған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 38,1 пайызды құрағанымен, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, соңғы аптада 28 шілде – 4 тамыз аралығында пневмониядан аурушаңдық 2,6 есе төмендеді», — деді Марат Жұманқұлов.

Бұдан бөлек, аймақта жедел жәрдем шақыртулар саны тәулігіне – 1239-ді құрап, салыстырмалы түрде 11,4 пайызға кеміген. Оның ішінде КВИ індетімен 2 есе, пневмониямен шақыртулар 2,4 есеге төмендеген.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support