- Advertisement -

Бейрутта жойқын жарылыс болды. Қазақстан консулы жараланды

24

- Advertisement -

Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Қаладағы көптеген ғимаратқа зақым келіп, көбісінің терезесі қирап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыс толқынынан Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданған.

ҚР СІМ баспасөз қызметі жарылыс толқыны Қазақстан Республикасының Ливандағы Дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келтіргенін растады.

Дипломатиялық миссия қызметкерлері бұл уақытта жұмыс күні аяқталғандықтан кеңседен кетіп қалған. Консул жұмыста қалған. Жарылыс толқыны жеткенде ол жеңіл жарақат алды.

– Біздің дипломаттарымыз жергілікті билікпен үздіксіз байланыста, Ливан территориясында жүрген Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы ақпараттар тексерілуде, – делінген хабарламада.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support