Қаратауда қамқоршылары жетім балаға аяушылық танытпаған ба?

Қаратауда қамқоршылары жетім балаға аяушылық танытпаған ба?
ашық дереккөз
Қаратауда қамқоршылары жетім балаға аяушылық танытпаған ба?
 width= Қаратау қаласында 10 жастағы жетім баланы қамқоршылығына алған отбасының қатыгездігі жайлы ақпарат әлеуметтік желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Бұл туралы фейсбук парақшасында "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсари хабарлады.   "Інімнің сыныбындағы 10 жастағы жетім бала 2-3 жылдан бері отбасы қамқорлығына алынған. Қамқоршылары оны аштықта ұстап, ұрып-соғып, қараңғы қапасқа қамаған. 1-2 күн бұрын бала 2-этаждан секіріп кеткен немесе қамқоршылары итеріп жіберген. Ол 2-3 күн көшеде бұталардың түбінде алған жарақатынан тұра алмай жатып қалған. Көмек сұрауға да, жылауға да қорыққан. Қазір көптеген ашық және жабық жарақаттармен ауруханада жалғыз жатыр. Оған ота қажет. Сыныптастарының ата-аналары апарған тамағын қамқоршысы үйіне тасуда. Өтінемін, көмектесіңізші", - деп хат жазған @#Немолчи қорының негізін қалаушы Дина Таңсариге Диана есімді оқырман. Қазіргі уақытта аталған дерекке байланысты құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізілуде.  

Ұқсас жаңалықтар