Университеттерде оқыту қашықтан жүргізіледі

Университеттерде оқыту қашықтан жүргізіледі
ашық дереккөз
Университеттерде оқыту қашықтан жүргізіледі
 width= Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту жалғасатынын айтты. «Жоғары оқу орындарында оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі. Бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина әрі өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлардың 70 пайызы онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтарды (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жеке-жеке өткізуге мүмкіндік береміз», - деді министр Үкімет отырысында. Ал магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады. «Болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі, штатты формата жүретін болады. Осы берілген бағдардың аясында әрбір ұйым өздері дербес шемім қабылдайды», - деді  А. Аймағамбетов  

Ұқсас жаңалықтар