- Advertisement -

Коронавирусты аяқпен емдейтін емші шықты

56

- Advertisement -

КТК телеарнасының журналисі Жазира Бегалы ​​Facebook-те коронавирус пен пневмонияны емдеп жүрген белгісіз қызылордалық емшінің видеосын жариялады.

Желіде тараған видео кадрларынан ер адамның жерде жатқандардың әрқайсысына жақындап, аяғымен басып жатқанын көруге болады.

«Қызылордалық емші індеттен, пневмониядан емдеймін дейді. Коронавирустың дауасын іздеген ел емшінің аяғының астында жатыр. Жарнама инстаграмды шарлап кетіпті. Зімбірдің тамырын, лимон, қойдың құйрығын, ақжелкеннің тамырын таласып алдық. Енді емшінің аяғынан шипа іздеп кетпейік. Масқара екен», — деп жазды журналист өз парақшасында.

Келушілердің бірі қызуы мен жөтелі бір күнде жоғалып кеткенін мәлімдеді. Адамдардың пікірінше, емдеу тегін жүріп жатыр.

«Мен тегін емдеймін, адамдарға көмектесуге тырысамын. Адамдардың игілігі үшін істеймін. Қазір карантинге қарамастан, аймақтарды аралап жүрмін. Мен елорданы қоспағанда, елдің барлық аймақтарындағы адамдарды емдеймін. Әр аймақта небәрі үш күн боламын», — деді емші.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support