Алматыда бір қабатты үйде жарылыс болды

Алматыда бір қабатты үйде жарылыс болды
ашық дереккөз
Алматыда бір қабатты үйде жарылыс болды
 width= 29 шілде күні кешке Жетісу ауданындағы бір қабатты жеке үйде газ атылып, жарылыс болды  Жарылыс салдарынан үйдің күл-талқаны шығып, қабырғалас көрші екі үйдің шатырларына да ішінара зақым келді.
- Іздестіру-құтқару және қирандыны жинау жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Үйінді астынан бір әйел табылды. №7 бөлімнің өрт сөндірушілері 49 жастағы әйелді қиранды арасынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Денеcінің термиялық күйіктерімен ол 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
 Жарылыстың алдын-ала себебі - газ тетігінің ашық қалуы. Оқиға орнында газдың апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеуде.  

Ұқсас жаңалықтар