- Advertisement -

Коронавирус жұқтырған 7 әйел аман-есен босанған

53

- Advertisement -

Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 әйел аман-есен босанған. Дәрігерлердің айтуынша, аналардың да, сәбилердің де жағдайлары жақсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған аурухананың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызының сөзінше, калалық орталық ауруханадағы жағдай тұрақтала бастаған. Бұған дейін жедел жәрдеммен тәулігіне орташа есеппен 50-60 адам жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш 10/15-ке дейін азайған.

Бас дәрігер сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау керектігін ескертеді.

«Әр адам өз денсаулығын ойлап, көпшілік жүретін жерлерде қашықтықты сақтағаны жөн. Үнемі қолды да жуып жүруі керек. Бетперде тағу міндетті. Әлеуметтік желілер арқылы келген видеоларға емес, нақты дәрігерлердің кеңесіне жүгінген дұрыс».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support