Жерлесіміз Батыр Жүкембаев АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Жерлесіміз Батыр Жүкембаев АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді
ашық дереккөз
Жерлесіміз Батыр Жүкембаев АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді
 width= Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Ол қыркүйектің соңында рингке оралады. Батыр АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Жүкембаев тамыздың басында Мәскеуге оқу-жаттығу жиынына аттанады.
"Қыркүйектің соңында АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Промоутерім осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әзірше рингке кімге қарсы шығатыным белгісіз, бірақ қарсыласым жоғары деңгейден болады", - деді Жүкембаев.
Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін биыл қаңтарда өткізіп, мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) жеңген еді. Қазақстандық боксшы жекпе-жегінің бәрін Канадада өткізген.

Ұқсас жаңалықтар