- Advertisement -

Құрбан айтта қонаққа баруды қоя тұрған жөн – ҚМДБ төрағасының орынбасары

53

- Advertisement -

Санаулы күндерден соң мұсылман қауымы Құрбан айт мейрамын қарсы алады. Әлемдегі және елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қасиетті мейрамды қарсы алу мен оны атап өту ережелеріне өзгерістер енгізілді.

«Құрбан айтты карантин жағдайында тиісті санитарлық шараларды сақтап қарсы алған дұрыс. Яғни бұл күні қонақ күтіп, қонаққа баруды қоя тұрған жөн. Өйткені, ислам адам баласының өмірі мен денсаулығын қорғауды асыл мақсат тұтқан дін. Яғни адамның өмірін қорғау, бүкіл адамзаттың өмірін қорғаумен тең. Иә, біздің дәстүрімізге сәйкес Құрбан айт кезінде бір-бірімізге қонаққа баратыныз бар. Дегенмен қазіргі жағдайды ескере келе, қонаққа бару жағын тоқтата тұрған жөн», — деді Наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы.

Оның айтуынша, қасиетті мейрамды әр азамат өз отбасында жақындарымен бірге қарсы алған дұрыс.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support