42 500 теңге біржолғы төлемді 1,8 млн-нан астам қазақстандық алды

42 500 теңге біржолғы төлемді 1,8 млн-нан астам қазақстандық алды
ашық дереккөз
42 500 теңге біржолғы төлемді 1,8 млн-нан астам қазақстандық алды
 width= 28 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 233 мың өтінімнің ішінде: – 822,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 554,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 287,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 569,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 822,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 170,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 1 млн 241 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар