- Advertisement -

Сарысуда полковник мырза қызметкерлеріне қол жұмсап, тамақ тасытқан

112

- Advertisement -

Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімшесінің бастығы қызметкерлеріне қол жұмсап, тамақ тасытқаны туралы,  ақпарат «Информбюро» бағдарламасында көрсетілді.

Жамбыл облысының тұрғыны Сарысу аудандық полиция бөлімшесінің бастығын «қызметкерлеріне күн көрсетпейді»  деп айыптап отыр. Оқиға 4-маусым күні болған. Бейнежазбаға қарағанда полицейлер әлдебір іс-шараға дайындалып жатқан сияқты, өйткені барлығы қолдарына қалқан, үстеріне оқ өтпейтін кеудеше, бастарына бастарына каска киіп алғыны анық байқалады.

Бейнежазбаны жолдаған тұрғын полиция полковнигі жас мамандарды резеңке таяқпен ұрып тәрбиелеп, тамақ тасытып қорлық көрсетіп жүргенін айтады. Дәлел ретінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған бейнежазбаларды жіберіпті.

Басы дауға қалған полковник Қуаныш Бекқожаев видеодағы қолына таяқ ұстап қызметкерлерді ұрған азамат өзі екенін мойындап отыр. Полковниктің айтуынша, бұл жұмыс барысында кездесетін қалыпты жағдай.

«Аталмыш факт бойынша Жамбыл облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс бастап кетті», — дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support