60 адамға ас берілгені үшін жауапқа тартылды

60 адамға ас берілгені үшін жауапқа тартылды
ашық дереккөз
60 адамға ас берілгені үшін жауапқа тартылды
 width= Ақтөбе облысындағы мейрамханада 60 адамға ас беру рәсімі өткен. Мейрамхана қожайыны әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Мой Город". Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 21 шілдеде Қобдадағы полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы аудан ауылдарының бірінде карантин ережесі бұзылғанын тіркеген. Мейрамханалардың бірінде ас беру өткен. Оған 60 адам жиналған.
Мейрамхана қожайыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.

Ұқсас жаңалықтар