- Advertisement -

Тараздық кәсіпкерлер науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды

77

- Advertisement -

Тараздық кәсіпкерлер ауруханадағы індет жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды.

Қайырымды іске қаладағы үш сауда орны мен базар иесі ұйытқы болған. Олар 300 адамға күріш, сорпа сияқты түскі ас дайындап, 150 литр суды ауруханаға жеткізіп берді. Осылайша, кәсіпкерлер сала мамандарына деген құрметі мен қоғамдағы жағдайға бей-жай қарамайтынын білдірді. Ұйымдастырушылар мұндай бір реттік шара көпшілікке ой салып, жұқпалы аурумен бәріміз бірлесе күрессек қана нәтиже шығады дейді.

«Бүкіл әлемде індет тарап жатқанда бізде көмегімізді берсек деген ойымыз болды. Соны бүгін ұйымдастырдық. Басқаларды да осындай іс-шара ұйымдастыруға шақырамыз», —  дейді кәсіпкер Руслан Мырсапарұлы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support