Аурухананың бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды

Аурухананың бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды
ашық дереккөз
Аурухананың бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды
 width= Елордада №2 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Иван Ли қайтыс болды. Шамамен бір ай бұрын одан COVID-19 індеті анықталған. Сол уақыттан бері дәрігерлер хирургтың өмірі үшін арпалысқанымен, өкінішке орай, науқасты аман алып қала алмады. 60 жастағы бас дәрігердің өмірден озғанын Facebook желісінде оның пациенттері мәлім етті. Қазақстандықтар Иван Лидің көптеген адамның өмірін сақтап қалғанын жеткізді. Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі қаралы хабарды Tengrinews.kz порталына растады. Иван Ли 1960 жылы Қарағандыда туған. Жоғары білім алған соң туған жерінде бірнеше жыл хирург және уролог болып жұмыс істеген. 1991 жылы Алматыға көшіп келіп, әр жылдары қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары, №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, облыстық диагностикалық орталықтың директоры қызметтерін атқарды. Кейіннен Нұр-Сұлтанға ауысып, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды. Екі рет оңтүстік астананың мәслихатына депутат болып сайланған. Көптеген мемлекеттік және халықаралық марапаттарға, атақтарға ие болған.  

Ұқсас жаңалықтар