85 миллион теңге айыппұл. Жұрт той-томалағын доғарар емес

85 миллион теңге айыппұл. Жұрт той-томалағын доғарар емес
ашық дереккөз
85 миллион теңге айыппұл. Жұрт той-томалағын доғарар емес
 width= Елде карантин жарияланса да, қазақстандықтар той тойлауын доғарар емес. Карантин тәртібін бұзғаны үшін азаматтарға лауазымды тұлғалар мен жеке азаматтарды қоса алғанда, 85 миллион теңге айыппұл салыныпты. Оның ішінде медициналық бетперде тақпайтындар да әкімшілік жаза арқалап жатыр. Бір айта кетерлігі, бетпердені тек жабық жерде емес, көшеде де тағып жүру керек. Бұл – тәртіп. Елімізде 5-шілдеден бері арнайы мониторингтік бақылау топтары карантин талаптарының сақталуын қадағалап келеді. Барлық өңірді қоса алғанда, сондай 644 топ жұмыс істеп жатыр. Осы аралықта карантин тәртібін бұзған түрлі мекемелердің лауазымды тұлғаларына 85 миллион теңге айыппұл салыныған. Бірақ шектеу шаралары мен сондай бақылаушы орындардың жұмысына қарамастан, ел ішінде той-томалақ әлі тоқтамай тұр. Ондай жайттар бір-екеуден еліміздің барлық аймағында анықталып отыр. Соның ішінде Жамбыл, Алматы, Түркістан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында жиі тіркелген. Сол той-жиынды ұйымдастырушылардың барлығына әкімшілік шара қолданылып, тиісті деңгейде айыппұл салынған. Айжан Есмағамбетова, ҚР бас санитар дәрігері: - Шектеу шараларына қарамастан, жұрт үйлену тойы, қыз ұзату, туған күн секілді той-томалақ өткізуін доғарар емес. Әлбетте, ол вирустың таралу қаупін туғызады. Өйткені мұндай той немесе басқа да отбасылық мерекелерге басқа өңірлерден де қонақтар келеді. Соның кесірінен вирус бүкіл елге жайылады.  

Ұқсас жаңалықтар