Іздеуде жүрген азамат Жамбыл облысының шекарасында ұсталды

Іздеуде жүрген азамат Жамбыл облысының шекарасында ұсталды
ашық дереккөз
Іздеуде жүрген азамат Жамбыл облысының шекарасында ұсталды
 width= Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада кісіні жарақаттағаны үшін іздеуде жүрген азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 2020 жылғы 24 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті шекарашылары пилотсыз ұшу аппаратын қолданып, ерікті жасақтың көмегімен мемлекеттік шекараны бұзған адамды тауып, ұстады. Мән-жайды анықтау барысында  Қырғыз Республикасының аталған азаматын кісі денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін ішкі істер органдары іздеп жатқаны белгілі болды. Қазіргі кезде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Ұқсас жаңалықтар