Жамбыл облысында 500-ден астам ата-ана баласы үшін айыппұл төлейді

Жамбыл облысында 500-ден астам ата-ана баласы үшін айыппұл төлейді
ашық дереккөз
Жамбыл облысында 500-ден астам ата-ана баласы үшін айыппұл төлейді
 width= Жамбыл облысында карантиндік режимді бұзудан жасөспірімдер көш бастап тұр. Осы айдың өзінде полиция учаскелеріне 500-ден астам мектеп оқушысы түскен. Карантин тәртібін бұзған жасөпірімдердің ата-аналарының барлығы айыппұл төлеуге мәжбүр \. Тәртіп сақшыларының айтуынша, түнімен көше кезетін балалардың саны 10-15-тен артып кетеді. Олар топтасып алып саябақ, демалыс орындарында ересектердің қарауынсыз жүре береді. Қазір карантин кезінде Таразда түнгі сағат 23:00 ден таңғы сағат 7:00 ге дейін оқушылар тұрмақ, ересектердің де көшеде жүруіне рұқсат жоқ. Ал баласын түнгі мезгілде көшеге жіберген ата-аналар ең кемі 50 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болады. Әлішер Қалышев, Тараз қалалық ювенальды полиция бөлімінің бастығы: Ата-аналар көп жағдайда балаларының қайда жүргенін білмейді, қадағаламайды. Сондықтан айыппұл салып жатырмыз. Ал түнгі мезгілде жасөспірімдер ойына келгенін жасайды. Ақыр аяғында қайғылы оқиғаларға тап болады. Біздер соның алдын алуға тырысып жатырмыз, дейді.

Ұқсас жаңалықтар