- Advertisement -

Президент Шорнақ ауылы мен Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

56

- Advertisement -

Президент Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Президент жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырған.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support