Тамызға дейін пневмониямен ауырғандар статистикаға кірмейді

Тамызға дейін пневмониямен ауырғандар статистикаға кірмейді
ашық дереккөз
Тамызға дейін пневмониямен ауырғандар статистикаға кірмейді
 width= Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Хабар" телеарнасына тікелей эфирде берген сұқбатында осыған дейін Қазақстанда анықталған 234 мың пневмония көрсеткіші КВИ жұқтырудың жаңа статистикасына  кірмейтінін айтты. Пневманиямен ауырғандар тек 1 тамыздан бастап жалпы есепке енеді. - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша статистикалық есептеуді бастаған сәттен бастап қазіргі уақытта анықталған цифрларды көрсету ұсынылады. Яғни, ретроспективті талдау жүргізілуі керек, бірақ статистика 1 тамыздан басталуы тиіс. - Сонда 234 мыңның ішіндегілерді ажыратып, жаңа статистикаға қоспайсыздар ма? - Иә, дәл қазір біз 1 тамыздан бастап статистиканы есептей бастаймыз және бұл мәліметтерге күн сайын анықталған жағдайлар қосылып отырады.

Ұқсас жаңалықтар