- Advertisement -

53 мың оқушының компьютері жоқ

99

- Advertisement -

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир арқылы жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты.

«Оқу жылының соңында қашықтан оқу форматына көшкенде дайындықтың жоқтығы белгілі болды. Алайда қысқа уақытта телеарна мен интернет арқылы түрлі бағдарламалар, онлайн курстар жасақталды. Осы тәжірибені ескере отырып, біз келер оқу жылына дайын екендігімізді айтқым келеді», — деді әкім.

Қала басшысының айтуынша, 53 мың баланың компьютерлік техникасы жоқ.

«Біз былтырғы оқы жылында ата-аналардың смартфонын қолдануға рұқсат беріп амалдадық. Алайда, кішкентай балаларға смартфон арқылы оқу қолайсыз. Сондықтан, 22 мың планшет сатып аламыз. Оларды мұқтаж отбасыларға таратамыз. Тағы 5 мың планшет мектеп қорлары арқылы алынады. Қалған балаларға мектеп қорына арнап ноутбук сатып алып, уақытша пайдалануға беріп отырамыз», — деді қала басшысы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support