45 мың адам ауруханада пневмониямен жатыр

45 мың адам ауруханада пневмониямен жатыр
ашық дереккөз
45 мың адам ауруханада пневмониямен жатыр
 width= Пневмониямен ауыратын 45 мың Қазақстан азаматы ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.  
- Соңғы 20 күнде 63 491 адам ауруханаға жатқызылды, ал қазір 45 000 науқас ауруханада ем алып жатыр, - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.
Ол 2020 жылдың басынан бері шамамен 234 187 адам пневмониямен ауырғанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус және пневмония туралы жалпы статистика жүргізіле бастайды.

Ұқсас жаңалықтар