Коронавирус жыныстық жолмен де жұғады

Коронавирус жыныстық жолмен де жұғады
ашық дереккөз
Коронавирус жыныстық жолмен де жұғады
 width= Қытайлық ғалымдар коронавирустың адамнан адамға жыныстық жолмен жұғуға қабілетті екенін растады. Бұл туралы Journal of the American Medical Association басылымында жарияланған зерттеуге сілтеме жасаған Reuters хабарлайды. Кеселдің жаңа жұғу жолына Шанцю (Қытай) қалалық ауруханасында еркек кіндікті пациенттерді тестілеу нәтижесінде алынған деректер меңзейді. Тексерілген 36 науқастың алтауының, немесе 16 пайызының ұрығынан SARS-CoV-2 іздері байқалған. Мамандар нақтылағандай, тексерілген пациенттер аурудан жазылып келе жатқан, бірақ сонда да коронавирус жұқтырушы болып қала берген. Дәрігерлер бұған дейін де COVID-19 қоздырушылары адамның ұрығында болуы мүмкін екенін тұспалдаған. Алайда бұған дейін 12 науқас еркектің SARS-CoV-2-ге тапсырған ұрықтарының тесті теріс нәтиже көрсеткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар