Сирек кездесетін тұңғиық гүлді жұлғандар жазалануы мүмкін

Сирек кездесетін тұңғиық гүлді жұлғандар жазалануы мүмкін
ашық дереккөз
Сирек кездесетін тұңғиық гүлді жұлғандар жазалануы мүмкін
 width= Алматыда Первомай тоғанында тұңғиық гүлдерді жұлған алматылықтар жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл заң бұзушылық жайлы қала тұрғыны Юлия Низамова Instagram парақшасында жариялады. «Инстаграмда бір қыз тоғанда су кешіп, тұңғиық гүлді жұлғанын салып қойыпты. Бұл гүлдер осы жерде ғана өсетінін білмесе керек. Бұл әрекет менің ақылыма қонбайды. Жұлынған гүлдер үйге де жетпейді», - деді Юлия Низамова. Әлеуметтік желіде адамдар тұңғиық гүлмен түскен суреттерін көптеп жариялай бастады. Первомай тоғаны Алматы іргесінде Алматы облысының аумағында орналасқан. Бұл тоғанға кіру ақылы екен. Первомай демалыс саябағының өкілдері адам басына 1000 теңге алады. Алматы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұңғиық гүлді жұлды деген шағыммен ешкім полицияға хабарласпаған. Мамандардың айтуынша, мұндай құқықбұзушылықтар үшін ҚР ӘқбК 386-бабымен (Жасыл желекті ұстау, күтіп бағуда жіберілген заңбұзушылық) айыппұл қарастырылған. Тұңғиық гүл Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілсе, оны жұлған адам қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Жалпы Қызыл кітапқа 373 түрлі өсімдік,13 түрлі саңырауқұлақ енген. Бұл өсімдіктің тамыры терең су астына бойлап кетеді. Тұңғиықтың 3 түрлі жапырағы бар. Бірі су үстінде болса, бірі - ортасында үшіншісі су астында өсе береді.  

Ұқсас жаңалықтар