- Advertisement -

Бүгін мұсылмандар үшін Зұлхижжа айы басталды

80

- Advertisement -

Қазақстан діни мұсылмандар басқармасы биыл зұлхижжа айының басталуы 22 шілдеге тура келетінін, ал 30 шілде – Арапа күні, 31 шілде мен 1-2 тамыз – Құрбан айт күндері деп белгіленгенін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz. 

Алла Тағала өз пендесі үшін көбірек сауап жинап алсын деп кейбір күндерді басқаларынан артық етіп қойды. Соның бірі – зұлхижжа айының алғашқы он күні.

Дінімізде келген сенімді деректер негізінде осы он күнге қатысты бірнеше үкімдер мен артықшылықтарды атап өтуге болады. Олар:
Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп берілетіні айтылған.

Зұлхижжа айының алғашқы сегіз күнінде ораза ұстау – мұстахап. Бұл күннің оразасы хадисте айтылған жалпы ізгі істердің қатарына жатады. Бірақ, осы күндері арнайы ораза ұстау жайында нақты дәлел-дәйектер жоқ.

Арапа (зұлхижжаның тоғызыншы) күні ораза тұту – сүннет. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол күні ораза ұстады әрі ол күні мұсылмандарды ораза тұтуға үгіттеді.

Бұл – арапа күні ұстаған ораза екі жылдық (өткен және келер жылғы кіші) күнәні кешіреді дегені. Алайда, қажылықта жүрген адамдар арапа күні ораза ұстамайды.

Айт (зұлхижжаның оныншы) күні және ташриқ (11, 12 және 13-ші) күндері ораза ұстауға шариғатымыз рұқсат етпейді. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза тұтуға тыйым салды және «Ташриқ күндері – ол ішіп-жеу және Алланы еске алу күндері», деді.

Құрбан айт (зұлхижжаның 10, 11 және 12-ші) күндері бай адамға құрбандық шалу – уәжіп.

Құрбандық шалу Алла Тағалаға жақын болу үшін, күнәлар кешірілу үшін, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету үшін, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді. Өйткені, осы күні барлық адам Алла Тағаланың қонағы болады, құрбан етінен жейді, оны тарту етеді, одан садақа береді.

Құрбан шалу арқылы пенде Ибраһим пайғамбардың сүннетін жандандырады. Құрбан айт күні Ибраһим пайғамбар өзінің баласы Исмаилды құрбандыққа пида еткенін еске алады, олардың бір мінезділігін, қайыспайтындығын және Құдайға деген сүйіспеншілігін үлгі тұтады.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныш бергей! Барша мұсылман халқына бұл айды сауапты істермен өткізіп, Жаратқан Иеміздің мейірімі мен кешіріміне кенелуді нәсіп еткей!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support