- Advertisement -

Алакөлде анаконда бар ма?

149

- Advertisement -

WhatsАpp мессенджері арқылы тараған алып жыланның видеосы қазақстандықтарды шошытты. Ірі көлемді бауырмен жорғалаушының Алакөл маңында байқалғаны айтылған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет аталған бейнежазбаға пікір білдірді.

Желіде тараған видеода қазақша сөздерді естуге болады.

«Бұны кранмен іліп, алып кету керек», – дейді видеоның авторы ретінде сөйлеген адам.

Кейбіреулері кадрларға анаконда түскенін болжауда. Видеоның Алакөлге бара жатқан жолда түсірілгені айтылған.

Сәкен Ділдахмет аталған бейнероликтің Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін алға тартты. Ол видеоның басқа елде түсірілгенін, ал жергілікті азаматтардың оған қазақша сөздер жалғап қойғанын жеткізді.

«Көбісі маған осы видео бойынша жүгініп жатыр. Бұл әрине, фейк. Отандастарымыз бейнероликті қазақша дыбыстаған. Біздің табиғатта анаконда мекендемейді. Ол мүмкін емес. Алаңдамаңыздар», – деп жазды комитет өкілі.

Ол желі қолданушыларының күмәнін сейілту үшін екі бейнеролик жариялады: бірі – түпнұсқа, екіншісі – монтаждалған видео.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support