"Нұр Инвест Холдингтың" жұмыстары сын көтермейді

"Нұр Инвест Холдингтың" жұмыстары сын көтермейді
ашық дереккөз
"Нұр Инвест Холдингтың" жұмыстары сын көтермейді
  Биыл Тараз қаласындағы 163 ауланы абаттандыруға 2 миллиард 105 миллион теңге бөлінген. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері облыстық БАҚ өкілдерімен "Жамбыл - адалдық алаңы" жобасы аясында аулаларды абаттандырып жатқан мердігер мекемелердің жұмысымен танысып, зерделеу жүргізді. 9 шағын аудандағы 49, 49 "а", 53 және 61 үйлердің ауласына ағымдағы жөндеу жүргізіп жатқан "Нұр Инвест Холдинг" ЖШС жұмыстары сын көтермейді. Сапасыз атқарылып жатқан жұмыстарды тұрғындардың өздері айтты. Керісінше "МАХ Строй сервис" ЖШС 10 шағын аудандағы 6, 8 үйлердің ауласын  тап-тұйнақтай атқаруда. Мекеме басшысының айтуынша жұмыс бір аптаның ішінде толық аяқталмақ. Мұндағы тірліктер тұрғындардың көңілінен шығуда. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Дәурен Омаров тұрғындардың өтініш, ұсыныстарын мердігер мекемелердің басшыларына жеткізіп, сметалық құжатқа өзгеріс енгізуге ықпал ететіндерін айтты. Амангелді Әбіл

Ұқсас жаңалықтар