Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды

Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
ашық дереккөз
Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
 width= Медицина ғылымдарының докторы, репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Оның айтуынша, пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының академигі Atameken Business телеарнасына берген сұқбат барысында айтты. "Абырой болғанда, Covid-19 жұқтырғандардың 70 пайызында ауру жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда біздің денсаулық саласына пациенттердің 30, 20, тіпті 10 процентінің өзі ауыр салмақ салды. Карантинді ұзарту – өте дұрыс шешім. Менің ойымша, карантинді жыл соңына дейін ұзарту қажет... Індетпен карантиннің көмегімен ғана күресуге болады", - деп мәлімдеді Вячеслав Локшин. Осы орайда профессор азаматтарды медицинаға ешқандай қатысы жоқ адамдардың әлеуметтік желілерде тарататын хабарламаларына сенбеуге шақырды.  

Ұқсас жаңалықтар