Пневмониямен ауырғандар саны өткен жылға қарағанда 3,3 есе өскен

Пневмониямен ауырғандар саны өткен жылға қарағанда 3,3 есе өскен
ашық дереккөз
Пневмониямен ауырғандар саны өткен жылға қарағанда 3,3 есе өскен
 width= КВИ мен пневмония бойынша статистиканың біріктірілетінін айтқан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл басынан бері елде 234 187 адам пневмониямен ауырғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осы жылдың 1 қаңтарынан 15 шілдесіне дейін Қазақстанда 234 187 адам пневмониямен ауырған. Бұл – өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,3 есе көп (70 926 адам)», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Министр бұл мәлімет пневмонияның барлық түрін сипаттайтынын жеткізді. «Олар - стафилококк, стрептококк, пневмококк, клебсиела және басқа да көптеген қоздырғыштар тудыратын бактериалды пневмония (45 824 жағдай тіркелген, яғни 19,6%). Бұл - аденовирус, риновирус пневмониясы, сондай-ақ параинфлюза вирусы, метапневмовирустар және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туған пневмония. Ал бұл – қоздырғышы анықталмаған вирусты пневмония. Яғни, пневмонияның қоздырғышы анықталмаған, ковидке ұқсас пневмония жұқтырғаны жоққа шығарылмаған», - деді ол. Алексей Цой 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 адам көз жұмғанын (2019 жылы - 1 896 жағдай) хабарлады.    

Ұқсас жаңалықтар