Тамыздан бастап Таразда ыстық су беріле ме?

Тамыздан бастап Таразда ыстық су беріле ме?
ашық дереккөз
Тамыздан бастап Таразда ыстық су беріле ме?
 width= Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев облыс орталығына ыстық судың қашан берілетіндігін айтты. Асхат Есеналиевтің айтуынша, 1 шілдеде ыстық су беруді тоқтатуға негіз болған қазандықтар мен жылумен жабдықтау желілеріндегі жөндеу жұмыстары екі аптада аяқталады деп жоспарлануда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласында 7 жобаны іске асыруға 1,8 млрд. теңге бөлінген десек, ағымдағы жөндеуді қажет ететін 18,6 шақырым жылу жүйелерінің 8 661 метрі жаңартылып, 853 метр желілер қайта құрылған. Жаңадан екі қазандық орнатылған. - Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ыстық сумен қамтамасыз етуді жылдам қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдануда, арнайы техника мен жұмысшылар саны көбейтілді, жобаларды екі апта ішінде аяқтау жоспарлануда. Осыдан кейін тұрғын үйлер ыстық суға қосылады. Барлық бағыттағы жұмыстардың барысы қатаң бақылауда, - деді А.Есеналиев. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу энергиясы бөлімінің басшысы Ханзада Туртаева барлық құрылыс нысандарында жұмыс қарқыны жеделдетіліп, кестелер белгіленген мерзімге сәйкес түзетіліп жатқанын айтты.  Шілде айының соңында РК-4 қазандығындағы жұмыстар аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда ондағы жұмыстар үш ауысымда жүргізілуде екен. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 631 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету (77 пайыз) жоспарлануда. Қалған 190 үйді ыстық сумен жабдықтау жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, дейді жауаптылар.    

Ұқсас жаңалықтар