Науқас жандарға үміт сыйлады

Науқас жандарға  үміт сыйлады
ашық дереккөз
Науқас жандарға үміт сыйлады
Індет жұқтырып, науқастанып қалғандардың қай-қайсысының болмасын, уайымы біреу. Ол – «дерт дендеп, дем жетпей қысылсам, ауруханада жасанды тыныстандыру аппараты жетпей қалмай ма?» деген үрей аралас үмітсіздік. Осындай сәтте бірқатар ел азаматтары бірлесіп, қажетті құрылғыларды өз қаржыларына алып беріп жатқаны көпшілік үшін дәтке қуат болып тұрғаны шындық. Сондай азаматтардың бірі – «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіров. Кәсіпкер он оттегі аппаратын сатып алып, облыстық көпбейінді ауруханасына тапсырды. Мамандардың айтуынша, бір аппаратпен бір мезгілде екі науқасты жасанды жолмен тыныстандыруға болады. Жамбылдықтар Мұқаш Зұлқарнайұлын нағыз патриот әрі үлкен жүректі азамат деп таниды. Ізгі ісімен қаншама науқас жанға үміт сыйлаған депутатқа көпшіліктің де айтар алғысы көп. Аурухана басшылығы мен ұжымы да қиын сәтте жерлестеріне денсаулығын қорғау үшін қол ұшын созып, қайырымдылық жасаған жанға дән риза. «Aq jol» – aqparat».

Ұқсас жаңалықтар