- Advertisement -

Еңбек министрі пандемия кезінде қанша адам жұмыссыз қалғанын айтты

36

- Advertisement -

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде індет кезінде орын алған жұмыссыздық проблемасына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл мен үшін де күрделі сауал болып тұр. Өйткені, біздегі жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздар санын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті қадағалап отырады. Өкінішке қарай, олар әлі ресми деректерді жария еткен жоқ. Екінші тоқсанның мәліметтері 12 тамызға қарай болады. Дегенмен, біз еңбек нарығына бағдарлануға тиіспіз. Екінші жағынан жұмыспен қамту орталықтарына тіркелу де жұмыссыздық деңгейінің бейнесін көрсете алады. Сондықтан біз өзіміз де бағалап жатамыз. Әр өңірдің санитар дәрігерінің шешімін, қандай кәсіпорындар қызметі шектелгенін, онда қанша адам жұмыс істеп жатқанын қаперге аламыз», — деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның атап өтуінше, елімізде жұмыссыздық деңгейі сәуір айында шырқау шегіне жеткен. Сол айда республикада 4 млн 200 мың адам жұмыссыз қалған. «Одан кейін шектеулер алынған жоқ, жұмыссыздық деңгейін 1 млн 145 мың адам деңгейінде бағаладық. Маусымда біршама еркіндік болып, жұмыссыздар саны шамамен 735 мың адамға дейін төмендеді. Шілдеде шектеу шаралары күшейтілді. Шамамен 1 миллионға жуық адам жұмыссыз қалар деп ойладық. Қазір карантин жалғасуда және айдың соңында баға береміз», — деді Біржан Нұрымбетов.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support