![Жүз мамандықтың иесі](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2020/06/DSC_9453.jpg)
Жүз мамандықтың иесі
Тұрмаханбет ҚАЗАҚБАЙ
Халқымыздың біртуар ақындарының бірі Төлеген Айбергеновтің «Ақындық» деп аталатын өлеңінде «Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің қарағым, Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның» деген жолдар бар. Ақ пен қараны ажыратып, билік пен халық арасындағы қыл көпірді алтын көпірге айналдырып, біріне ұнаса екіншісіне жақпайтын, Шерхан Мұртаза айтқандай, арқалағаны алтын жегені жантақ журналистердің жұмысы әсте оңай емес.
Қандай да бір елең еткізер жаңалық болса іліп әкетуге, жақсының жақсылығын айтып нұрын тасытып, жаманның жамандығын айтып құтын қашырып, жарияға жар салуға жаны құмар, ол – журналистер қауымы. Шындықты жазу, болған оқиғаны боямасыз жеткізу, ақпараттар ағынымен нақты деректерге ғана сүйеніп, дер кезінде халықты қанықтыру, көпшіліктің көкейіне оралымды ой, қоғамдық қозғау салу – нағыз журналистке тән қасиет.
Қай сала болмасын зерделеп, зерттеп жазу үшін біршама уақыт өзін сол саланың маманы сезіне білетін журналистен жақсы мақала шығатыны даусыз. Сондықтан да журналистерді жүз мамандықтың иесі деп текке айтпаса керек.
Ұқсас жаңалықтар
Кәсіби бағдар беру – маман тапшылығының оң шешімі
- 18 шілде, 2024
Бәсекеге қабілетті маман даярлау – басты міндет
- 15 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді