COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы
ашық дереккөз
COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы
Ағымдағы жылдың 16 маусым күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 9 жағдайы тіркелді. Тараз қаласындағы 1988, 1983, 1997, 1953 жылы туған тұрғындардан дерт анықталды. Сондай-ақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Жуалы ауданы аудандарының 1946, 1993, 1976 жылы туған тұрғындарынан инфекция табылды. Бұдан бөлек 1995, 1968 жылы туған қордайлықтардың да КВИ-ға талдауы оң нәтиже көрсеткен. Барлық науқастар стационарға жеткізілді. Олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. Ағымдағы жылдың 16 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 509 жағдайы тіркелген. Ауырғандардың ішінен 317 адам сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар