Әлеумет
Су тасқыны: Үкімет үнсіз, ал әлеуметтік желіде қауесеттер өршіп тұр
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2020
- 400
Су тасқыны: Үкімет үнсіз, ал әлеуметтік желіде қауесеттер өршіп тұр
Арнайы құрылған комиссия келтірілген шығынды есептеп жатыр
Бірер сағат бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында 22 мың тұрғынның апат аймағынан көшірілгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуынан болған су тасқынынан Қазақстанның оңтүстігінде 10 елдімекенді су басқанын жазды. Тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр, өзбек үкіметімен келіссөздер жүріп жатыр деді. Azattyq Ruhy тілшісімен сұқбаттасқан белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Қазақстан Үкіметінің екі күннен бері үнсіз отырғанын айтып, су тасқынанын зардап шеккен аймаққа аяқ баспағандарын айыптайды. Әлемдік тәжірибеде Үкімет бірден халықтың алдына шығады, алып қашпа әңгіме болмас үшін, өзге пиғылдылар дүрбелеңді өз мақсатына пайдаланып кетпеу үшін әрекет етеді. Тіпті оңтүстікке бармаса да, Нұр-Сұлтанда шұғыл жиын өтетін уақыт болды, дейді Әбенов.
azattyq-ruhy.kz
«Президент Тоқаев қана өз пікірін білдірді. Ол 22 мың адамның апат аймағынан көшірілгенін мәлімдеді. Ал Үкімет қайда? Осындай кезде шұғыл отырыс өтуі керек. Тапсырмалар берілуі керек еді. Салалық министрліктер, мысалы Премьер-министр болмаса да, оның орынбасары оқиға орнына баруға болар еді. Халық көмекке зәру, тыныштандыратындай, бағыт-бағдар беретіндей ресми Нұр-Сұлтаннан бір пәрмен болуы керек емес пе? Жағдайды сұрап, халықтың қасында екенін көрсетіп, қолдан келгенше көмек берілетінін оқиға орнына барып, халыққа айту керек деп ойлаймын», - дейді Қазақстанның Азаматтық альянсы вице-президенті.
azattyq-ruhy.kzҰқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




