Қатаң тәртіп адастырмайды

Қатаң тәртіп адастырмайды
ашық дереккөз
Қатаң тәртіп адастырмайды

Мейрамбек Төлепберген, «Жамбыл облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі жұртшылықтың көңілінен шыққаны, қоғам толық қолдап отырғаны сөзсіз. Қазақстан азаматтары 16 наурыздан бері қалыптасқан төтенше жағдай режімін сақтап келеді. Әлбетте, мұндай қиын-қыстау кезең Мемлекет басшысы айтқандай, халыққа оңай тимеді. Қатерлі індет Қазақстанда кең тарап кетпеуі үшін билік тарапынан өте қажетті шешім қабылданғаны рас. Соның нәтижесі болса керек, індет жаппай таралмады. Иә, төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия әрбір қадамды, әрбір шешімді байыппен зерделеп жатқанын айта кеткен ләзім. Біздің мемлекеттің баға жетпес байлығы – адам және адам өмірін сақтау екенін анық сезіндік. Қазіргідей қиын шақта өз міндетін ойдағыдай оңды орындап, халық артқан сенім үдесінен шығуға бар қажыр-қайратын жұмсап жатқан Қазақстан билігінің салиқалы саясатын атап өткен жөн. Осы бір дағдарыс атаулыдан елімізді төзімділік, бірлік секілді асыл қасиеттер алып шығатыны ақиқат. Жауапты кезеңде әлем пандемия деп таныған індетпен күресіп жатқан дәрігерлер мен полицейлерге, әскери қызметкерлерге, басқа да әлеуметтік топ өкілдеріне айрықша алғыс айтқанның артықшылығы жоқ. Отандық медицинаның өркендеуіне зор қолдау көрсету жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың келтірген дәйекті ойлары көкейге қонды. Тиісті деңгейде жан-жақты қолдау көрсетілетіндігіне еш күмән жоқ. Біз еліміздегі төтенше жағдай режімінде мемлекет талап еткен барлық тәртіпті қатаң сақтап, орындауға тиістіміз. Осыны қаперден шығармағанымыз абзал.

Ұқсас жаңалықтар