- Advertisement -

Бақытымды қазақ жігітінен таптым

72

- Advertisement -

Тамара Салабекова,
беларусь
ұлтының өкілі.

Беларусь ұлтының қызымын. Мамандығым – байланыс жүйесінің инженері. 1982 жылы Елена деген құрбыммен бірге жолдамамен Талас ауданы, Ақкөл ауылына келдім. Аз уақыттың ішінде аудандық байланыс торабындағы жұмысымызға да үйрендік, Ақкөлдің ақкөңіл халқын да жанымызға жақын тарттық. Арада жылға жетпейтін уақыттың ішінде мен де, Елена да Ақкөлге келін болдық. Мен музыка маманы, композитор Әуесхан Салабековтің жары атанып, құрбым Нұрхан Төлендиев деген жігіттің бақытына айналды. Әуесханның анасы Үрзада апама өз шешеме қарағандай, құрметпен қарадым. Ол кісі қазір 90 жаста, ортамызда бақытқа бөленіп отыр.
Әуесхан бірнеше ағайынды. Олар үйге келгенде құшақ жайып қарсы алып, қадірлеп жүрдік. Түйіндеп айтқанда, қазақ халқына, оның ішінде ұлағатты әулетке лайықты келін болдым деп ойлаймын. Әуесхан екеуміз егіздерге ата-ана болдық. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірдік. Дәурен мен Әсел де музыкадан алыс емес. Қазақтың келіні болған соң, мемлекеттік тілді де, орыс, беларусь тілдерін де жақсы білемін. Отбасымыз да қазақша сөйлесіп, қазақтың ұлттық тағамы етті асып, мәре-сәре боп отырамыз. Мен өзімді бақытты санаймын. Әуесхандай азаматтың бағын жандырдым, ол да менің бағымды ашты. Мейірбан, дархан, жомарт көңілді қазақ еліне алғысым шексіз.
Елена да қазақтың аяулы келіні атанды. Елдің татаулығы, бірлігі арта берсін деп тілеймін. Тоқсаннан асқан әжемізден алғыс алып отырғаныма шүкіршілік етемін.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support