- Advertisement -

«Көне Тараздың» арбаты

152

- Advertisement -

Дәл қазіргі кезде облыс орталығына келсеңіз, «Жыл өткен сайын жасарған, Жамбылым қандай тамаша!» деген Шона ақынның жыры тіл ұшына оралары анық. Әсіресе, жаңарған шаһардың «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі жаңа нысандар көңіл тоғайтып, көпшілікке қуаныш сыйлауда. Соның бірі – облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен жүзеге асқан – «Арбат-2». Сәтін салса, жауапты мамандардың айтуынша, мұнда «Арбат-1», «Арбат-3» жобаларын да жүзеге асыру көзделіп отыр екен.Дәл қазіргі кезде облыс орталығына келсеңіз, «Жыл өткен сайын жасарған, Жамбылым қандай тамаша!», – деп Шона ақынның жыры тіл ұшына оралары анық. Әсіресе, жаңарған шаһардың «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі жаңа нысандар көңіл тоғайтып, көпшілікке қуаныш сыйлауда. Соның бірі – облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен жүзеге асқан – «Арбат-2». Сәтін салса, жауапты мамандардың айтуынша мұнда «Арбат-1», «Арбат-3» жобаларын да жүзеге асыру көзделіп отыр екен. 

Аталған кешендегі өзге ғажайып құрылыстармен бірге «Арбат-2» жүргіншілер жолы да бірден көтерңікі көңіл-күй сыйлайды. Ол «Март» сауда кешенінен басталып, Сейілхан Аққозиев көшесіне дейінгі бірқатар аумақты алып жатыр. Ақиқатын айтар болсақ, мұндай үлкен арбат әзірге еліміздің ешқандай қаласында жоқ, яғни өзге өңірлерде әлі жүзеге аспаған теңдесі жоқ жоба. «Көне Тараз» ашылған күннен бастап, арбатты қызықтаушылар саны да өте көп болды. Қазір де көпшіліктің қызығушылығы әлі де басыла қоймаған. Өзіміз де онда серуендеп қайттық. Біздің бір байқағанымыз, мұндағы кейбір ойын алаңшалары жыл мезгіліне қарай ауысып отырады. Қазіргі таңда онда үйректер және тікұшақтар ойын алаңын кездестіруге болады. Ол ойындар ақылы, алайда, балалар үшін көңілді демалыс болатыны сөзсіз. Арбаттың бірнеше жеріне су бұрқақтар, төбесі жабық бастырмалы орындар қойылған. Су бұрқақтардың қызығы жадыраған жаз айында сезілмек.
Төбесі жабық тынығу орындары жаяу өткіншілерге ыстық күнде – сая, жауынды күндері – пана. Арбат жолының екі шеті түрлі сәулеттік үлгідегі мүсіндерге толы. Бір сөзбен айтқанда, сәулетінің сәнді болуына ерекше мән берген. Жаяу жүргіншілер алаңының екі жағында екі полиция бекеті тұр. Тәртіп сақшыларын да ұшыраттық. Бұл да тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған жанашырлық.
С.Аққозиев көшесіне қарай созылған арбаттың бір жағы сәулетті құрылыстар болса, екінші жағы да ою-өрнекке толы қабырғалармен (дуал) өріліпті. Әдемілігімен көрген кісінің көңілін аударады. Күндіздің өзінде арбатың ерекше сәулетін қызықтап жүрген отыз шақты жүргіншіні байқадық. Бірқатарын сөзге тарттық.
– Мен Ресейде вахталық жұмыста істеймін. Айлап сыртта жүремін. Туған жерім Тараз қаласына демалысқа келгенімде, үнемі өзгерісті байқаймын. Өз қаламның жаңарып, өркендеп жатқанына қуанамын. Елге жанашыр ағаларға рахмет. Арбат, әрине, ұнайды. Неге ұнамасын. Жақында вахталық жұмыстан келдім. Бүгін отбасыммен кішкентай перзентіммен жаңа арбатта қыдырып, қызықтап жүрмін, – дейді Тараз тұрғыны Жандос Омаров.
Негізі көпшіліктің пікірі бір жерден шыға бермейтіні тағы рас. Арбат туралы өз ұсыныс-ескертпесін білдірген кісілерді де кездестірдік.
– Әрине, мұндай, жақсы дүниенің салынғаны қуантады. Үлкен жұмыстың жемісі – бұл. Дегенмен менің бірқатар ұсынысым бар. Мұнда бірнеше нысан орналасқан. Осы төңірекке келушілер өте көп. Әлі де молая беретіні сөзіз. Сондықтан осы төңірекке сыртта орналасқан әжетхана керек. Одан кейін кешен ішінде ыстық самса сатылып, кәуап дайындалып, шәй ұсынылып тұрса, осы жердің сәні одан әрі арта түсер еді, – деп ойлаймын дейді отыз жыл «Былғары аяқ киім» комбинатында жұмыс істеген зейнеткер Боранбек Жексенбеков.
Көптің пікірі әралуан. Облыстық қолөнершілер және туризм орталығы директорының орынбасары Қуаныш Расылхан арбат жүргінші жолының бойында жаздың күндері ұсталар қамшы, жүген, тақия, түрлі қажетті бұйымдар сатып тұрса деген де ой айтты.
Арбатта жүргіншілер жолымен өтіп жатқан, жан-жағымдағы әсем ғимараттарды қызықтап жүрген көпшіліктің қарасы азаяр емес.

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Суреттерді түсіруген
Ақәділ рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support