- Advertisement -

Жақсыға сүйсіне білген жақсы

63

- Advertisement -

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қыруар тірліктер атқарылып жатқанына жұрт куә. Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын дамытудан бөлек, Тараз қаласын өркендетуге ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Әсіресе, өткен жылдың соңында ашылған «Тектұрмас» этнотарихи және «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешендерінің сәулеті кім-кімді де сүйсінтетіні анық. Алайда…Өзі шөптің басын сындырмай жүріп, тырнақ астынан кір іздейтіндер, өкінішке қарай, қай кезде де табылады. Жақында әлеуметтік желіде «Ойбай, Әулиеата бабаға арналған ескерткіштің сыртқы сылағы түсіп, құлап жатыр екен» деген мағынада желсөз пайда болды. 

Мәселенің мәнісін білмек болып «Тектұрмас» этнотарихи кешеніне барып, Әулиеата баба ескерткішін қайтадан көріп қайттық. Құлап жатқан ештеңе де жоқ. Онда тиісті шеберлер аяқталмаған құрылыс жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жаңа нысан маңына үлкен баннерге: «Қыста тастың қату мерзімі ұзаққа созылуына байланысты мәрмәр тастан құйылған ескерткіштің қалыбы тазартылуда. Уақытша жұмыстар үшін кешірім сұраймыз» деп жазылған екен.
Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Гүлбахрам Дүйсековамен де хабарласқан едік.
– «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі Әулиеата баба ескерткішінде барлық жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде. Ондай келеңсіз сөзді таратуға еш негіз жоқ. Бүгінгі таңда ол жерде сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ол жұмыстар өзінің кестесі, келісім-шарттары бойынша осы ақпан айының басына дейін созылады, – деді ол.
Ендеше, әлеуметтік желідегі «желөкпелердің» сөзіне сеніп қалмайық.

Тараз қаласы.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support