Жердің егізі табылды!

Жердің егізі табылды!
ашық дереккөз
Жердің егізі табылды!

Мамандар Жердің егізі – Глория деп аталатын ғаламшар бар екендігін айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Олардың зерттеуінше, Глория Жермен бірдей жылдамдықта қозғалады. Салмақтары да шамалас. Ең бастысы, тіршілік жағдайлары да бірдей. Бұл ғаламшар да Жер орналасқан нүктеде, оған қарама-қарсы орын тепкен екен. Осы уақытқа дейін беймәлім ғаламшарды көрмей келген себебіміз, Глория үнемі Күннің тасасында қалып қоятын көрінеді. Күн көзі бізге бүркемелеп тұратын Жер диаметрі 600-ге тең. Оны адам көзі тұрмақ, телескоппен, тіпті, ғаламшараралық арнайы аппаратпен көру мүмкін емес. Өйткені метеорологиялық мәліметтерді өзі жазып алатын аппараты бар әуе шарлары ғарышқа арнайы өздеріне міндеттелген мақсатта, белгілі бір нүктені зерттеу үшін ғана жіберіледі. Олар жан-жағындағы өзге нысандарға «қарай» алмайды. Ал, Күнді айналып өту миссиясы осы күнге дейін ешбір ғарыштық экспедицияның міндеті болмаған. Жердің егізі барын тарихи деректер де растайды. ХVII ғасырда белгілі астроном Джованни Кассини ғаламшарды телескоп арқылы бақылаған. Ол кезде Кассини Глорияны Шолпанның серігі деп ойлаған. Араға жылдар салып ғаламшарды басқа да ғалымдар байқаған. Соңғы рет бұл космостық дене 1892 жылы американдық астроном Эдуард Барнардтың көзіне түскен. Бүгін ғалымдарға «Таңғы жұлдыздың» серігі жоқ екені және ешқашан болмағаны аян. Ал бұл дегеніңіз, Глория шынымен де Күннің артында «тығылып» тұрғанын білдіреді. Алайда, ең бастысы, егер Глория расымен бар болса, ол ғаламшарда да тіршілік болуы мүмкін емес пе? Өйткені бұл ғаламшар да Жер секілді сол мөлшерде Күн көзімен «қуаттанып», қолайлы жерде орналасқан ғой. Мамандар пікірінше, Жер – екінші дәрежедегі, жасанды орналасқан ғаламшарға жатады. Ал Глорияның «жасы» Жерден әлдеқайда үлкен. Сондықтан, онда өркениет те біздікінен әлдеқайда ертерек дамыған болуы мүмкін. Базбір зерттеушілердің ойынша, Глориядағы өркениет бүкіл адамзаттың ежелгі бабалары. Ғаламшар Күн жүйесін өзіне «икемдеп», өзінің де, Жердің де тіршілігіне қолайлы етіп жасап алған. Дәл осы ғаламшар Күнге тосқауыл жасап, жанындағы ғаламшарлардың жанып кетуінен сақтап, ішіндегі экожүйені қорғап, барлық космостық кеңістікті өз «бақылауына» алған. АҚШ-тың Лос-Аламос ұлттық зертханасы мен НАСА реактивтік қозғалысы зертханасының ғалымдары Күн жүйесінде байқалған, адам сенгісіз және түсіндіріп бере алмайтын астрономиялық құбылыстардың тізімін жасаған. Бұл деректер бір емес, бірнеше рет тексерілген, сондықтан оның шынайылығына күмәнданудың қажеті жоқ. Ал бұл не біз, адам баласы, табиғаттың заңдылықтарын дұрыс білмейтіндігімізді, не әлдекім осы заңдылықтарды өзгертетінін білдірсе керек.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

1. ҒАРЫШ АППАРАТТАРЫН  КІМ «ҚУЫП» ЖІБЕРЕДІ?

1989 жылы «Галилео» зерттеу аппараты Юпитерге саяхатқа аттанады. Ғалымдар оның жылдамдығын жоғарылату үшін «гравитациялық амал» жасайды. Ғарыш аппараты ғаламшардың гравитациялық күші жылдамдық алу үшін «итеріп жіберетіндей» етіп Жерге екі рет жақындайды. Бірақ жылдамдықты ұлғайту амалынан соң «Галилео» есептелгеннен әлдеқайда көп жылдамдық алады. Ал, одан бұрын басқа аппараттар есептелген мөлшерде, қалыпты жылдамдық алатын болған. Сосын ғалымдар алыс ғарышқа тағы үш зерттеу стансасын жіберуге мәжбүр болады. «NEAR» ғарыш аппараты Эрос құйрықты жұлдызына, «Розетта» Чурюмова-Герасименко құйрықты жұлдызын зерттеуге, ал «Кассини» Сатурнға аттанады. Олардың барлығы да бірдей гравитациялық амал жасайды, бірақ, бәрінде де «Галилеодағыдай» есептелген жылдамдықтан асып түседі. Бұл құбылысты ешкім де түсіндіріп бере алмайды. Есесіне, «Кассиниден» кейін ғаламшарларға жіберілген аппараттарда мұндай құбылыс байқалмаған. Сонда 1989-1997 жылдары («Галилео»-«Кассини») төрт бірдей ғаламшарға қосымша жылдамдық беріп, «қуып» жіберген нендей күш? Ғалымдар күні бүгінге дейін таңданыс үстінде. Төрт бірдей спутникті «итеріп жіберу» кімге қажет болды? Қазір мұндай жағдай байқалмайды, болашақта қайталана ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз.

2. ЖЕР НЕГЕ КҮННЕН «ҚАШАДЫ»?

Жер мен Күннің арақашықтығы 149 597 870 шақырымға тең. Бұрынырақта бұл қашықтық өзгермейтіндей көрінетін. Алайда, 2004 жылы ресейлік астрономдар Жер Күннен жылына шамамен 15 сантиметрге алшақтайтынын дәлелдеді. Бұл тек фантастикалық романдарда болатын оқиғамен пара-пар еді: ғаламшар «еркін жүзуге» көшкен. Оның себебі бізге беймәлім. Жер жылдамдығын өзгертпесе, біз Күннен алыстап, ғаламшарды мұз басатындай жағдайға жету үшін әлі жүз миллиондаған жылдар бар. Егер Жердің Күннен алшақтау жылдамдығы кенеттен ұлғайса ше? Немесе керісінше, Жер Күнге жақындай бастаса қалай болмақ?...

3. «ПИОНЕРЛЕРДІ» КІМ ШЕКАРАДАН АСЫРМАЙДЫ?

Американдық ғарыш аппараттары «Пионер-10» және «Пионер-11» 1972 және 1983 жылдары ұшырылды. Осы уақытқа дейін олар Күн жүйесін айналып өтулері тиіс болатын. Дегенмен, олардың екеуі де белгісіз себептермен өз бағыттарын өзгерткен. Қандай да бір тылсым күш оларды тым алысқа жібермей ұстап тұрғандай. «Пионер-10» есептелген траекториядан 400 мың шақырымдай ауытқып кетті. Ең қызығы «Пионер-11» де осындай бағытпен дәлме-дәл оның жолын қайталауда. Көптеген болжамдар жасалуда: желдің әсері, жанар-жағармайдың ағуы, бағдарламалау қателіктері. Бірақ бұл болжамдардың бәрі шындыққа жанаспайтындай. Өйткені екі ғарыш кемесі де араға 11 жыл салып ұшырылса да бірінің жолын екіншісі айна қатесіз қайталауда.

4. БІЗДІҢ ЖҮЙЕМІЗДІҢ СЫРТЫНДА НЕ СЫР БАР?

Сонау қашықтағы кішкентай Плутон ғаламшарының арғы жағында Седна деген жұмбақ құйрықты жұлдыз бар. Седна біздің жүйеміздегі ең қызыл объектіге жатады. Ол тіпті Марстан да қып-қызыл. Неге – белгісіз? Бірақ мәселе басқада. Седна Күнді 10 мың жылда бір айналып шығады екен. Ол тағы өте ұзақ орбитамен айналады. Мамандар мұның себебін құйрықты жұлдыз басқа жұлдыздар жүйесінен ұшып келген немесе қандай да бір алып дене соғылғаннан кейін ол айналыс орбитасын бұзып алған дегенді алға тартады. Бірақ ол қандай дене? Астрономдар оны әлі таппай келеді.

5. НЕГЕ КҮННІҢ ТҰТЫЛУЫ СОНДАЙ МІНСІЗ?

Біздің жүйемізде Күн мен Айдың, Жер мен Айдың және Күнге дейінгі қашықтығы өте жүйелі орналасқан. Егер біздің ғаламшардан Күннің тұтылуын көрер болсақ, Селенаның табағы Күннің табағын теп-тегіс, түгелдей жауып қалады. Олардың көлемдері бірдей. Ай сәл кішілеу болғанда немесе Жерден қашықтау орналасқанда толықтай күн тұтылуы бізде ешқашан болмас еді. Кездейсоқтық па? Адам нанғысыз...

6. БІЗ НЕГЕ КҮНГЕ ЖАҚЫН ТҰРАМЫЗ?

Астрономдар зерттеген барлық жұлдызды жүйелерде ғаламшарлар белгілі бір тәртіппен, бірдей сап түзейді: ғаламшар үлкен болған сайын Күнге жақынырақ орналасады. Бірақ біздің Күн жүйемізде ғана басқаша. Алыптар – Сатурн мен Юпитер кішкентай Меркурий, Шолпан, Жер мен Марсты алдымен «жіберіп», өздері ортада орналасқан. Неге бұлай болғаны белгісіз. Егер біздің жүйеде де басқа жұлдызды жүйелердегідей белгілі бір тәртіппен орналасқанда Жер шамамен Сатурн тұрған жерлерде орналасқан болар еді. Ал онда адам төзгісіз суық орнаған және тіршілік етудің ешбір мүмкіндігі жоқ.

Эльвира БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ. Темірлан Екей.

Ұқсас жаңалықтар