«Көше-көше түк қалмады алашадан»
1967 жылы Сарысу ауданы Талас ауданынан бөлініп, өз алдына қайта отау тігеді. Үйсіз-күйсіз Байқадам ауылына қоныс аударған Есекең отбасымен орыстың ескі сарайында тұрады. Әйелі Тамара еш қамсыздау еркін жүретін Есекеңе ренжіп:
– Сенің жүрісің мынау. Бір күні мына жаман сарай құлап, бала-шағамызбен астында жаншыламыз ғой, – дейді. «Жаншыламыз ғой» деген суық сөзді естігенде Есекеңнің тұла бойы шымырлап кетеді. Содан отыра қалып, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ұзақбай Сыздықбаевқа бір ауыз өлеңмен арыз-хат жазып жібереді:
«Орыстың сарайын ыстадым,
Немістің сарайын қыстадым.
Көше-көше түк қалмады алашадан,
Көшуден ығыр болды бала-шағам».
Апта өтпей Ескерместі аудандық атқару кеңесінің төрағасы Қырықбай Асанов шақырады. Есіктен ене берген Есекеңе Қырекең гүр етіп:
– Әй, ақын, алашаңды, бала-шағаңды сүйрет те, Амангелді көшесінің аяғындағы жаңадан салынған үйге кіріп ал. Оған менің хатшым Елгенбаев егелік етіп жүр еді. Десек те, өлеңді өлтіріп жазған екенсің,-деген екен.
Майлыбай СМАҒҰЛОВ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- Бүгін, 15:32
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- Бүгін, 15:24
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




