Екі мектеп автобусы соқтығысып, 25 адам зардап шекті

Екі мектеп автобусы соқтығысып, 25 адам зардап шекті
ашық дереккөз
Екі мектеп автобусы соқтығысып, 25 адам зардап шекті
Екі мектеп автобусы соқтығысып, 25 адам зардап шекті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Канадада Монреальдің (Квебек провинциясы) маңындағы тас жолда екі мектеп автобусы соқтығысып, жол апаты салдарынан 25-тен астам адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CTV телеарнасына сілтеме жасап. Оқиға тас жолда автокөліктің күрт тоқтауынан болған. Оған алдымен соңынан келе жатқан бір автобус, артынша екіншісі соғылған. Салдарынан екі автобус та өртене бастаған. Мектеп автобустарының ішінде жалпы 50 бала, жүргізушілер мен екі ересек адам болған. Жеңіл жарақаттанған 25 бала мен екі ересек адам ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан тас жолдың бір бөлігі жабылды.   Фото: Укринформ

Ұқсас жаңалықтар