Сайлау күні кейбір учаскелер таңғы 6-да ашылады

Сайлау күні кейбір учаскелер таңғы 6-да ашылады
ашық дереккөз
Сайлау күні кейбір учаскелер таңғы 6-да ашылады

Ондай учаскелер саны 48, ондағы уақыттың ауысуы сол учаскелердің тізіміне енгізілген азаматтардың жұмысымен байланысты.

Сурет : Хабар 2431 Мамыр 2019, 17:49
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров саулау күні сайлау уческелерінің жұмыс тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- "Сайлау туралы" Конституциялық заңмен бекітілгендей, дауыс беру уақыты не стандартты болады: 7:00-ден 20:00-ге дейін, не учаскелік сайлау комиссиялары мен тиісті әкімдіктердің ұсынуымен жергілікті сайлау комиссиясымен өзгертіле алады. Бірақ заңда дауыс беру таңғы 6:00-ден ерте бастала алмайды және 22:00-ден кешіктірілмейді делінеді.
Оның сөзінше, ел бойынша 48 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:00-де емес, 6:00-де ашылатын болып бекітілді.
– Бұл өзгеріс сол учаскелердің тізіміне енгізілген азаматтардың жұмысымен байланысты. Сонымен қатар 555 сайлау учаскесінде дауыс беру тізімге қосылған барлық азаматтар дауыс беріп болған кезде аяқталатын болып бекітілді, – деді Петров.
Бұл норма уақытша орындарда жүргендер үшін: әскери бөлімшелер, демалыс үйлері, санаторийлер, емдеу мекемелері, тергеу абақтылары.
- Сондай-ақ шалғай жерлерде мал шаруашылығымен айналысатын, қатынауы қиын жерлердегі, вахталық жерлерде осындай учаскелер бекітілді. Осылайша, Қазақстан мен оның сыртындағы 9 мың 968 сайлау учаскелерінің 48-інде дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 6:00-де басталады, ал 555-і тізімдегілерінің бәрі дауыс беріп болған кезде жабылады, – деді ол.

zakon.kz 

Ұқсас жаңалықтар